Date of publication: 29.02.2024 21:32
Date of changing: 29.02.2024 21:34

Қазақстанда криптовалютаны сатып алуға және сатуға Астана халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржаларында рұқсат етілген.

 Салық кодексінің 331, 332-баптарына сәйкес, жеке тұлғалардың цифрлық активтерді сатуынан түсетін кірістер мүліктік кіріс ретінде жіктеледі.

Қазақстанда криптовалютаны сатып алуға және сатуға Астана халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтер биржаларында рұқсат етілген.

Салық кодексінің 331, 332-баптарына сәйкес, жеке тұлғалардың цифрлық активтерді сатуынан түсетін кірістер мүліктік кіріс ретінде жіктеледі. Цифрлық активтерді сатудан туындайтын табыс оларды иелік ету мерзіміне байланысты емес. 

Цифрлық активтерді сату кезінде құнның өсуінен түсетін кіріс сату құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырмашылық болып табылады. Құн өсімінен түсетін табысқа 10% ставка бойынша жеке табыс салығы салынады.
Салық міндеттемелерін орындауды жеке тұлғалар дербес жүзеге асырады.

Мұндай табыс жеке тұлғаның салық декларациясында көрсетіледі. Жылдың қорытындысы бойынша 240.00 нысаны бойынша жеке табыс салығы бойынша декларация, ал жалпы декларацияға енгізілген кезде 270.00 нысаны бойынша табыс пен мүлік туралы декларация тапсырылады.

Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабының 3-тармағына сәйкес, жұмыскерлерді тұрақты негізде жұмысқа алмайтын жеке тұлға мүліктік кіріс алған кезде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы. Тиісінше, мұндай кірісті алу кезінде кәсіпкер ретінде тіркелу талап етілмейді.