Date of publication: 19.09.2023 17:48
Date of changing: 19.09.2023 17:50

      2023 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне арналған іс-шара өтті.

     Аталған мәселені жария ету үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері, Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі шақырылды.

     Комитетпен Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылдануда.

     Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудің пәрменді құралдарының бірі мемлекеттік қызметтерді дамыту, жұмыс процестерін цифрландыру құралдарын енгізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу есебінен физикалық байланысты азайту болып табылады.
​     ​ ​Барлық қабылданған шаралар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік берді, бұл өз кезегінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық қылмыстар санының екі еседен астам төмендеуіне әкелді.