Date of publication: 26.07.2022 16:47
Date of changing: 26.07.2022 17:21

«Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» арнайы оқыту курсы

         Ағымдағы жылдың 18-22 шілдесі аралығында Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Павлодар облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің (бұдан әрі- МКД) және  ҚР ҰҚК ШҚ-нің рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын қызметкерлері қатысқан, «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы 5 күндік күндізгі оқу курсы Қостанай облысы бойынша МКД өтті.

         Курстың негізгі мақсаты – шекара бекеттеріндегі бақылау сапасын арттыру және сканерленген суреттерге РТҚ (Рентген-телевизиялық қондырғы) операторлары ұсынған құжаттардың мазмұны туралы ақпаратпен, біліктілік талдауын жүргізу.

         Курстың мақсаты: сканерлеу жабдығын пайдалану, қауіпті және тыйым салынған заттарды анықтау дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар рентген – телевизиялық қондырғыларды сипаттау және пайдалану.

         Курстың алғашқы күні ОӘО – ның басшы орынбасары Касымкулова Л.Т. курсқа қатысушыларды тіркеу және  ашылуымен бастады. Ол қатысушыларды “Rapiscan”, “Rapiscan DV”, “Smith-Heimann” және “Heimann-container” рентген – телевизиялық қондырғылардың негізгі ұғымдарымен таныстырды.

         Оқу барысында түрлі бұрыштарда ұсынылған қауіпті заттарды тануды жақсарту мақсатында, көзге арналған түрлі тапсырмалар қолданылды. Бірінші күннің соңында, Цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімі қатысушылардың оқу нәтижелерін болжау және білім деңгейін анықтау мақсатында алдын – ала тестілеу өткізді.

         Келесі күндері ықтимал қауіпті жолаушыларды анықтау арқылы заңсыз әрекеттердің алдын – алу және анықтау әдістерін профильдеу, сондай – ақ жарылғыш заттарды, қару – жарақ пен оқ – дәрілерді анықтау және іздеу бойынша практикалық жаттығулар, тыйым салынған заттар мен контрабандалық тауарларды алып өту әрекеттерінің жолын кесу тақырыптарына дәріс өткізілді.     

        Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды (граната, синтетикалық есірткі, пышақ, қолдан жасалған жарылғыш заттар) анықтауға арналған, көру арқылы есте сақтау тапсырмаларын орындады.

        Курстың екінші күні қатысушылар «Әуежай-Қостанай» кеден бекетінде практикалық оқудан өтті. Оқуға қатысушылар кедендік бақылаудың «Rapiscan» атты техникалық құралы арқылы алған білімдерін көрсетті.

        Практикалық сабақта Қостанай - Анталья бағыты бойынша ұшатын рейс жолаушыларының багажы мен қол жүгінің рентген суреттерін, сондай-ақ демонстрациялық үлгілерді (муляж), есірткі, тыйым салынған, жарылғыш заттар, түрлі елдің валюталарын және зергерлік бұйымдарды зерделеуден өткізді.

         Білім алушылар оқу нәтижесінде алған білімдерінің жоғары деңгейін көрсетіп, жарылғыш заттарды нақты анықтай алды.

         Курс екі бөлімнен тұратын:

         - «Trefox» бағдарламасы бойынша – теориялық бөлім (48 сұрақ);

 - «Simfox» бағдарламалық өнім арқылы – практикалық бөлім (25 сөмке) тестілеу түріндегі қорытынды емтиханмен аяқталды.

         Оқыту іс – шарасының оқытушылары мен нұсқаушылары ОӘО – ның қызметкерлері:

          -  Касымкулова Л.Т. – ОӘО басшысының орынбасары;

          - Абдреимова М. Р. – цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы.

           Оқу курсы,  жоспар кестесіне сәйкес өткізіліп, үзіліссіз жүзеге асырылды.

           Арнайы курс аяқталған соң жүргізілген сауалнама нәтижелерін талдау барысында, қатысушылар курсты ұйымдастырғандар мен оқытушылардың кәсібилігін жоғары бағалады.