Date of publication: 23.07.2022 18:19
Date of changing: 23.07.2022 18:22

Аса ірі көлемде есірткі заттары ұсталды* (шамамен героин)

         Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің “Жібек Жолы” кеден бекетінде аса ірі көлемдегі есірткі заттарының заңсыз тасымалы анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

        2022 жылдың 22 шілдесінде “Жібек Жолы” кеден бекетінде кедендік бақылау барысында 

инспекциялық-тексеру кешені арқылы кеден бекетінің қызметкерлері  шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп тексеріп қарау барысында 35 келіге жуық есірткі заты анықталды.

        Есірткіні шет ел азаматы Қазақстан аумағына автокөлігінің бензобагында алып кірмек болған.

        Ұсталған есірткі заттары сараптамаға жолданды.