Date of publication: 25.02.2022 18:58
Date of changing: 25.02.2022 18:59

АҢДАТПА!

«Жалпыға бірдей салықтық декларациялау» тақырыбында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің тікелей эфирі

 

2022 жылғы 28 қаңтар күні сағат 11:00-де ҚР ҚМ МКК YouTube арнасында тікелей эфирде (kgd.gov.kz)  «Жалпыға бірдей салықтық декларациялау» тақырыбында вебинар өтеді.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК Жалпыға бірдей декларациялау және жеке тұлғалардың табысын әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары  Тулегенов Нурлан Маулитович сөз сөйлейді.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі тікелей эфир тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz