Date of publication: 22.02.2022 15:49
Date of changing: 22.02.2022 16:59

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының
1-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 1-бабының 4-1) және 7) тармақшаларына өзгертулер енгізілді, соған байланысты,  «шарап материалы» «толысылған шарап» терминіне, ал, «сыра және сыра сусыны» терминдері «сыра қайнату өнімдері»  терминдеріне ауыстырылған.

««Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2018 жылғы 26 қаңтардағы №76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Салық кодексінің 463-бабымен  сәйкестендіру мақсатында әзірленді.