Date of publication: 21.02.2022 16:42
Date of changing: 21.02.2022 17:01

Осымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мынаны хабарлайды.

2022 жылғы 28 наурызда сағат 15.00-де "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" (бұдан әрі-негізгі заң жобасы), "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және  "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (бұдан әрі-ілеспе заң жобалары) Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары бойынша жария тыңдаулар өткізу жоспарлануда.

Заң жобаларын әзірлеуге Мемлекет басшысының 2022 жылғы                         5 қаңтардағы тапсырмасы негіз болды.

Негізгі заң жобасы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тетіктерін енгізуге бағытталған.

Ілеспе заң жобалары негізгі заң жобасы қабылданған жағдайда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сәйкестікке келтіру қажеттігіне байланысты әзірленді.

Мәселенің қысқаша сипаттамасы: қазіргі уақытта азаматтардың едәуір бөлігі экономикалық құлдырау, жұмысынан немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу, несиелік және сатып алу қабілетінің төмендеуі, негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін несие қажеттіліктерінің артуы және қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемемен несие беруі нәтижесінде қаржылық жағдайының нашарлауына тап болады.

Аталған іс-шараның мақсаты заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау болып табылады.

Заң жобалары, сондай-ақ тұжырымдамалардың жобалары және заң жобалары бойынша консультативтік құжаттар оларға түсініктеме беру мүмкіндігімен Ашық НҚА интернет-порталында орналастырылған.

 

Заң жобаларға сілтемелер

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13983794;

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13984037;

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13984204;

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13984229.

 

заң жобалары бойынша тұжырымдамалардың жобаларына сілтемелер: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13982715;

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13983593;

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13983633;

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13983661.

 

заң жобалары бойынша консультативтік құжаттарға сілтемелер:        

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13995306;    

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13995267;  

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13995292;

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13992254.

 

Жария тыңдаудың ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.

Жария тыңдаулар онлайн-форматта өтеді.

Жауапты тұлға: Қабаш Қажымұратұлы Уажанов (эл.мекен-жайы: k.uazhanov@kgd.gov.kz, тел. 71-85-32, 87471669831).

Осыған байланысты, сіздерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз және кандидатураларды 2022 жылғы 25 наурызға дейін жоғарыда көрсетілген мекенжайға ұсынуды сұраймыз.