Жарияланған күні: 14.12.2023 18:31
Өзгертілген күні: 14.12.2023 18:35

        2023 жылғы 11 – 12  желтоқсанда Ташкент қаласында түркі мемлекеттері ұйымының кеден әкімшілері басшысының тоғызыншы кеңесі өтті.

        Қазақстан тарапын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ж. Дүйсембиев таныстырды.

        Түркі мемлекеттері ұйымының тақырыбы Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің кеден қызметінің жұмысын жетілдіруге бағытталды.

       Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер арасында жүктерді тасымалдау үшін e-TIR пайдалануды кеңейту, нысаналы (ахуалдық) орталықтармен кедендік тәуекелдерді басқару саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ зертханалық зерттеулер жүргізу саласындағы өзара іс-қимыл практикасы  мәселелері талқыланды.

       Отырыстың нәтижесі бойынша тараптар e-TIR ақпараттық жүйесін пайдалануды кеңейтуді іске асырудағы іс-қимыл, кедендік тәуекелдерді басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайту және кеден қызметтері арасында кедендік сараптамалар мен зертханалық зерттеулер жүргізу саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі хаттамаға қол қойды. Мұндай жаңашылдықтар тасымалдаушылар мен СЭҚ-қа қатысушыларға:

     - жете тексеруден босату;

     - кедендік алып жүруден босату;

     - қосымша сақтандырудың болмауы;

     - бірыңғай құжатты пайдалану түрінде басымдылық береді.

      Сонымен қатар, іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы                              Ж. Дүйсембиев әзербайжан, түрік және өзбек делагацияларымен екі жақты кездесу өткізді.

     Мәліметтермен өзара алмасу бойынша мәселе талқыланды, оны тараптар қолдады, ал ынтымақтастықта қол жеткізілген уағдаластық кедендік әкімшілендіру деңгейін жаңа деңгейге көтереді.

     Өзбек тарапымен екі жақты кездесудің нәтижесі бойынша екі елдің уәкілетті экономикалық операторларын өзара тану жөніндегі іс-қимыл жоспарына қол қойылды.