
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
07.04.2015ж.
Баспасөз релизі
2015 жылғы 7 - 9 сәуір аралығында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қорғас» кеденінің базасында инспекциялық-тексеріп қарау кешенін (ИТК) қолдану бойынша Қазақстан Республикасы аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына даярлау курстары өтуде.
Осы шараны МКК Оқу-әдістемелік орталығы «NUCTECH» (ҚХР) компаниясының өкілдерімен бірлесіп өткізуде.
Семинардың мақсаты автокөлік және темір жол ИТК сияқты кедендік бақылаудың техникалық құралдарын (КБТҚ) қолдануда практикалық дағдыларды қалыптастыруға оқыту.
Кедендік бақылаудың техникалық құралдары (КБТҚ) – бұл мемлекеттік шекара арқылы өтетін объекттердің барлық түрлерінің арасынан әкелуге және әкетуге тыйым салынған заттарды, материалдар мен құралдарды немесе декларацияланғандардың сәйкес келмеуін анықтау мақсатында, тікелей жедел кедендік бақылау процессінде қолданылатын арнайы техникалық құралдар кешені.
Мемлекеттік шекара арқылы өтетін қол жүктері және жолаушылардың алып жүретін багаждары және көлік құралдары, жолаушылардың алып жүрмейтін багаждары, жүктердің барлық түрлері, халықаралық пошта жөнелтілімдері, халықаралық қатынас көлік құралы және ерекше жағдайдағы нақты тұлғалар (олар контрабандалық тауарды тасымалдаушы болып табылады деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар болған кезде) объектілер болып түсініледі.
Семинардың нәтижесі бойынша қатысушыларға біліктілігін арттыру курсын аяқтау туралы сертификат берілетін болады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі