Date of publication: 03.04.2015 18:23
Date of changing: 08.04.2015 10:08
кгд мф рк, госдоходы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

03.04.2015ж.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі - Комитет) Комитеттің басшылары мен қызметкерлерінің, бизнес қоғамдастығының, Дүниежүзілік банк өкілдерінің, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және салық төлеушілердің қатысуымен «Халықаралық сауданы дамыту үшін кедендік рәсімдерді оңайлату» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Комитеттің халықаралық сауданы дамыту мақсатында кедендік рәсімдерді оңайлату бойынша өткізетін іс-шаралар шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) деңгейінде бизнес қоғамдастығын тартумен бірқатар заңнамалық  бастамалар дайындалды, оның ішінде ЕЭО Кеден кодексінің жобасы. Оған 16 халықаралық келісімнің нормалары енгізілді.

Сондай-ақ шекарадағы мемлекеттік органдардың санын қысқартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, автомобиль өткізу пункттерінде кедендік шекарадан өту уақытын қысқарту және т.б. мүмкіндік беретін бизнесті жүргізуге арналған қолайлы жағдайды жақсартуға және жасауға бағытталған ұлттық деңгейдегі бірқатар реформалар өткізілді.

Жүргізіліп жатқан жұмыс халықаралық сауданы оңайлатады және Дүниежүзілік банкінің «Doing Business» халықаралық рейтінгі  индикаторында оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі