Date of publication: 01.04.2015 18:35
Date of changing: 01.04.2015 18:37

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

01.04.2015ж.

Баспасөз релизі

 

2015 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша мүліктерді жария ету бойынша

1. ҚР аумағындағы мүліктерді жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдарының жанындағы комиссияларға жалпы сомасы 228,8 млрд. теңгенің мүлкін жария етуге 26 145 өтініші келіп түсті:

- 165,9 млрд. теңге сомасында 21 517 тұрғын үй объектісі;

- 61,4 млрд. теңге сомасында 11 470 тұрғын үй емес объектілері, оның ішінде 40,5 млрд. теңге сомасында 2 740 коммерциялық объектілер;

- 0,7 млрд. теңге сомасында заңды тұлғаларға қатысудың 14 үлесі;

- 0,8 млрд. теңге сомасында бағалы қағаздар.

111,8 млрд. теңге сомасындағы 17 965 объект жария етілді.

2. Мемлекеттік кірістер органдарына ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүліктерді жария ету бойынша 223,1 млн. теңге сомасында мүліктерді жария етуге арналған 9  өтініш келіп түсті:

- 218,7 млн. теңге сомасында 5  тұрғын үй объектісі;

- 1,5 млн. теңге сомасында 1 тұрғын үй емес объектілері, оның ішінде 1,5 млн. теңге сомасында 1 коммерциялық объектілер;

- 3,0 млн. теңге сомасында  заңды тұлғаларға қатысудың 2 үлесі;

- 670 теңге сомасында бағалы қағаздар.

215,9 млн. теңге сомасында 6 объект жария етілді.

3. 2015 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша ҚР ҰБ есебінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктерде жалпы сомасы 29,1 млрд. теңгеге ақшаны жария ету үшін 82 жинақ шоты ашылған, олардың ішінен жинақ шотынан ақшаны жария еткені үшін бюджетке 1,2 млрд. теңге сомасында алымды төлей отырып, 10,8 млрд. теңге алынған. ҚР экономикасына 10,3 млрд. теңге инвестиция салынды.

4. 1-Н есебіндегі деректер бойынша 2015 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 206110 «Мүлікті жария еткені үшін алым» коды бойынша бюджетке жария ету бойынша акцияның басынан бастап іс жүзінде 1,2 млрд. теңге теңге келіп түсті.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі