Date of publication: 30.03.2015 18:36
Date of changing: 08.04.2015 10:10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

30.03.2015ж.

Баспасөз релизі

2015 жылғы 23 наурызда  сағат 22:50 шамасында Жамбыл облысы бойынша МКД қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде «Сыпатай батыр» кеден бекетінің  жеке тұлғаларға арналған жолаушы терминалы залында қызметтік іздестіру итін пайдалану арқылы Қазақстан Республикасына бет алған Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды, жеке тексеріп қарау кезінде салмағы 1 869,59 гр.  «героин» - есірткі құралы анықталды және алынды.

Аталған факт бойынша Жамбыл облысы бойынша МКД ЭТҚ қызметкерлері ҚР ҚК 286-бабының 4-бөлігі, 297-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті УҰИ орналастырылды, сотпен «тұтқындау» жолын кесу шарасы санкцияланды.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі