Date of publication: 30.03.2015 15:08
Date of changing: 30.03.2015 15:14
семинар умц

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

                                         Баспасөз-релизі

 

2015 жылдың 30 наурызы мен 3 сәуір аралығында Алматы қаласында  «Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсылық, есірткі құралдары  контрабандасына қарсы күрес, психотроптық заттар және олардың прекусорлары» тақырыбында халықаралық семинар өтеді.

Көрсетілген іс-шараны Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі мен ЕҚЫҰ (Астана қаласындағы) орталығының ықпал етуімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өткізеді.

Семинардың нысаны болып трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың белгісі және түсінігін сараптау, қазіргі уақытта саяси және құқық саласында сол қылмыстың болдырмау процесін алдын-ала әшкерлеу, контрабандаға қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасу, сонымен қатар есірткі құралдары  контрабандасы және тыйым салынған заттар  бойынша халықаралық арнаны анықтау тәсілдері болып табылады.  

Семинарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Алматы қаласының, Алматы облысының, Достық кеденінің  мемлекеттік кірістер департаментерінің сол бағытта іс атқаратын бөлімшелері қатысады.

Семинарда қазіргі уақыттағы өзекті мәселелер тақырыбы айтылған.

Семинарда сарапшы ретінде  құқық саласының  докторы Заза Берозашвили  (Грузия)  баяндама жасайды, сонымен қатар дәріс-баяндама жасайтын  Алматы қаласындағы ҚР ІІМ Академиясының жедел-іздестіру қызметі кафедрасының доценті, полиция полковнигі Берлыбекова Мадьяна Еркенқызы.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі