Date of publication: 27.03.2015 14:47
Date of changing: 27.03.2015 14:49
кгд мф рк

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

27.03.2015ж.

 

2015 жылдың қаңтарынан Салық кодексіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді.

Енді, жоспарлы тексерулер жойылды, іріктеу-тексерулері енгізілді.

Яғни, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық тексерулері іріктеу және жоспардан тыс тексерулерге бөлінеді.

2014 жылдың соңында енгізілген іріктеу тексерулері Тәуекелдерді басқарудың жаңа жүйесін қолданумен салық төлеушілерге қатысты белгіленеді.

Жаңа ТБЖ озық әлемдік аналогтарға сәйкес келеді. Ол үшін әдістеме бекітілген және жеке тәуекелдерді орын-орынмен айқындауға мүмкіндік беретін салық тәуекелдерінің өлшемдері қайта қарастырылған. Бұзушылықтардың әрбір түрі бойынша ТБЖ-де айрықша өлшемдері әзірленген, бұл ретте бұл тәуекелдер мен субъектілердің ерекшеліктері кезектеседі.    

Салық кодексіне сәйкес ТБЖ өлшемдері құпия ақпарат болып табылады. Өлшемдердің негізінде әрбір субъект бойынша тәуекел дәрежелері анықталады. Жоғары тәуекел субъектілерінің арасынан Орталық Аппаратта іріктеу тексерулеріне жататын салық төлеушілердің тізбесі қалыптастырылады. 

Егер салық төлеуші орташа немесе төмен деңгейдегі тәуекел санатына жататын немесе тәуекел бойынша жоқ болып шықса, онда оған қатысты тәуекелді азайтудың өзге шаралары қолданылады.

Мемкірістер органадары жоспардан тыс салық тексерулерін салық төлеушінің өз өтініші бойынша, Қылмыстық-іс жүргізу кодексі шеңберінде құқық қорғау органдарының бастамасы бойынша, салық органдарының шешімі бойынша, сондай-ақ салық төлеушінің арызын қарастырумен байланысты жүргізеді.

Салықтық әкімшілендіруді реформалау жөніндегі жобаның шеңберінде қаралатын бірден бір жаңалық ЭЫДҰ елдерінде кеңінен таралған электрондық аудитты (Е-аудит) еңгізу болып табылады.

 Электрондық аудит бұл салық төлеушілердің бухгалтерлік есептерінің автоматтандырылған жүйесінен бірыңғай стандартталған құжаттар пайдаланылғанда және құралғанда жүргізілетін процесс.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «көлденең мониторингтеу» жүйесін еңгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

 «Көлденең мониторингтеудің» негізгі мақсаты – ірі салық төлеушілердің салық заңнамасын бұзушылыққа әкеліп соғуы мүмкін тәуекелшіл операцияларын оларға ескерту және мерзімінде шара қолдану жолымен салық органдарымен әріптестік өзара қатынастар құру.

Мемлекеттік кірістер комитетін құру жүргізілген тексерулердің нәтижелерін қолданған кезде құрылымдық бөлімшелердің тиімді және ұтымды өзара іс-қимыл жасасуға, оның ішінде іріктеп алу салық тексерулерін тағайындау бөлігінде секілді, кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін тәуекелдерді басқарудың бірлескен жүйесін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі