ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
12.03.2015ж.
Кедендік рәсімді оңайлату туралы баспасөз-релизі
Мемлекет Басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында және «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде айтқан біздің еліміздегі бизнес ортасын жақсарту саясатын және кедендік рәсімдерді оңайлату саясатын іске асыру мақсатында, Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес үшін әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша кешенді және кезең-кезеңмен жұмыстарды жалғастыруда.
Кеден саласында ресімдеу, тексерулер мен тексеріп қарау уақыттарын қысқарту үшін тауарлардың түріне емес сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өздерін тәуекел-санаттауға негізделген әкімшілендіруге жаңа тәсілдер енгізілуде. Осылайша, Президент айтқан «тек бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерді ғана тексереміз» қағидасы іске асырылуда.
Осы кезден бастап мониторингте тұрған және салық және кеден саласында қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері жоқ ірі салық төлеушілерге қатысты «жасыл дәліз» ашылды. Бұл дегеніміз, мұндай кәсіпкерлер экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде кедендік бақылаудың барлық нысандарынан босатылады. Осындай ұқсас оңайлатуларды адал, тәртіпке бағынатын ірі тауар өндірушілер де, сондай-ақ экспорттаушы болып табылатын уәкілетті экономикалық операторлар да пайдаланады.
Мұндай кәсіпкерлерге кедендік ресімдеу жылдамдығы 3 есеге артады.
Тиісті бұйрық Қазақстан Республикасының барлық кеден бекеттерінің назарына жеткізілді.
Ағымдағы жылдың екінші тоқсанынан бастап барлық сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды санаттауды толық масштабты енгізу жолымен ұзақ мерзімді сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын және т.б. салық және кеден тарихы жақсы – тәуекелдің ең аз санатына түсетін басқа да кәсіпкерлерге «жасыл дәліз» ұсынылатын болады.
Кәсіпкерлердің сенімділік деңгейі мемлекеттік кірістер органы өткізетін негізгі критерий салықтық жүктеме мен бұрын бұзушылық жоқ болып табылатын «Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» – конкурстар өткізу арқылы да расталуы мүмкін.
Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру үшін Мемлекет Басшысы қойған міндеттердің орындауын жалғастыратын болады.
ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі