Date of publication: 11.03.2015 17:26
Date of changing: 12.03.2015 14:18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

11.03.2015ж.

Баспасөз релизі

 

Дүниежүзілік банкімен бірлесіп «Салықтық әкімшілендіруді реформалау бойынша жобасын» іске асыру шеңберінде консультациялық қызмет көрсетуге арналған келісім-шарт бойынша соңғы кезеңінде  Ernst&YoungBaltic компаниясымен жұмыскерлер үшін оқыту тренингтер өткізу көзделген.

Осындай тренингтер өткізу үшін салық және салық салу саласында жұмыс тәжірибесі мол халықаралық сарапшылар тартылады.

Мәселен, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ғимаратында 10-12 наурыз аралығында «Жергілікті салық», «ҚҚС, Кеден одағы және электрондық шот фактуралар» тақырыбында тренингтер өткізілуде. 

Дәріскер – Латвияның Мемлекеттік кірістер қызметінің қазіргі қызметкері Ирина Андреева.  

Семинар барысында дәріскер, Латвиядағы сияқты, басқа да Еуроодақ елдеріндегі салықтық әкімшілендірудегі тәсілдер туралы атап өтті.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі