Question: 
<p>Біздің елдің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына армян автомобильдерін әкеле алады ма және осындай автомобильдерге қатысты қандай шектеулер қолданылады?</p>
Answer: 

Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағына 2014 жылғы 10 қазанға дейін Арменияда ресімделген автомобильдерді әкеле алады.

Арменияда 2014 жылғы 10 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде ресімделген автомобильдер шетелдік тауарлар болып табылады және кедендік бақылауға жатады.

Көрсетілген автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына тек Арменияда тұрақты тұратын тұлғалар уақытша әкеле алады.

Арменияда тұрақты тұрмайтын тұлғалар көрсетілген автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына мына жағдарларда әкеле алады:

1)      «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты кейбір мәселелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне 2-қосымшада көрсетілген мөлшерлемелер бойынша төленуі тиіс кедендік баждар, салықтар сомаларының және төленген кедендік баждар, салықтар сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік баждарды, салықтарды төлегеннен кейін;  

2)      2023 жылғы 1 қаңтардан кейін.

Бұдан басқа, автомобильдерді сатып алу кезінде азаматтарға  аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну арқылы кедендік тазартудан өткендігі және автомобильдердің заңды түрде әкелінгенін тексеріп алуды ұсынамыз.