Date of publication: 06.03.2015 15:33
Date of changing: 06.03.2015 19:57

Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мерекесімен құттықтау

 


 

Оспан Рысбек Белхожаұлы

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

сарапшы – офицерінің 

Халықаралық әйелдер күніне арналған өлеңі

 

 

Ана

            Ана дәл осы үш қана әріпте қаншама қасиет бар десеңізші? Тіршіліктің қайнаған ортасында жүретін бұл аналарға адамзат баласы қашанда бас иеміз.

Дәл соның өзі емес пе – жарық мынау өмірді силаған, ыстық алақанымен аялаған, бізден ешнәрсені аямаған, пәк сезім бала көңіл перзентін, елін, отанын қай ана, қай ана, жаман болсын дейді.

Жақсы болсаң қуанған, неге болса да үшкір етіп жуанған, қашанда ол бір Аллаға табынған, біздерді сәл көрмесе сағынған, бәрі, бәрі, бәрі үшін де елжірейтін тап сол ана жүрегі емес пе?

Осыншама қасиетіңді тауси алмағандақтан өзің туралы сыр шертуіме тура келді.

Ана!

Тоғыз ай тоғыз күн сақтаған,

Болашаққа баптаған,

Жан бітіріп үлгерген,

Бесік жырын құлағыңа үйдірген.

Алпыс екі тамырыңды идірген

Айтыңдаршы не сыр бар мұнда кім білген?

 

               Сенсіз таңы атпаған, сенсіз күні батпаған.

Құрақ ұшып ешбір тыным таппаған,

Бойыңа күшті сенің дарытқан,

Ойыңдағы жамандақтан арылтқан,

Пірісің бе адамзатты жаратқан?

 

Ана, ана, ана!

Не сыр бар осы сөзде ғана,

Неге тек сені іздейді бала,

Ұлысың сен осыныңмен ғана!

 

Жалғанда дүние мына,

Жалғайсың тіршілікті сен ғана,

Дүниеде парызым бар бір ғана

Ол ақ сүтің сенің ана!

 

Бас иемін ана саған қашанда,

Өскен сайын ана сырын ашамда.

Қарасам мен ішкі сырын анамның,

Ала аспандай шексіз, шетсіз кең екен,

Құмдай майда ұсақ екен елесем,

Дархан екен көңілі оның жүрегі,

Бір ғана оның бала екен тірегі.

 

Шапағат нұр шашуын ол тимаған,

Адамзатқа тіршілікті силаған

Не бар екен сәби үшін қимаған?

Дүниеде мен таба алмадым, таба алмадым

Бұдан артық силы адам.

 

Парызымды қалайша  мен өтейін,

Айтшы маған бұдан артық не дейін.

Ақтасам ғой қарызымды сол егер.

Армансыз болып қашанда мен жүрейін.

 

Сонда анам күлім көзбен қарап қана қойғаны

Ұғып тұрдым үнсіздікпен жауап беріп тұрғанын.

Нұрын шашқан жүзінен оның ұққаным-

 

Жай қанатты самға дейді қалықтап.

Надандаққа барма дейді жалтақтап,

Ұшудан сен қалмағайсың қиын деп,

Тек жүрегің соқсын дейді халақ деп.

 

Қонған жерің айдын болсын қашанда,

Алланың сен құлы болғын қашанда,

Отанның сен ұлы болғын қашанда,

Сонда ғана шаршағанды басамда.

 

Ау анашым, мен сұраймын қайта сенен,

Өз парызымды, әке алдындағы қарызымды,

Қалайша мен өтейін?

Сонда анам тіл қатып...

 

 Біз асудан асқанда,

 Жас желек сен өскенде,

Ағашыңды баптасаң,

Жемісіңді бергенде,

Ар-ұятты сатпасаң,

Аянбай еңбек еткенде.

 

Сонда өтелер –

Әке алдындағы қарызың,

Ана алдындағы парызың.