ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
04.03.2015ж.
Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі-Комитет) Комитеттің аумақтық Департаменттері мен орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері арасында ағымдағы жылдың 21 ақпаннан бастап 3 ай бойы жалғасатын Мемлекеттік кірістер органдарының 1 спартакиадасы өтуде.
Комитеттің 1 спартакиадасы шеңберінде 4 өңірлерде: Ақмола облысының Щучинск қаласында, Алматы, Орал, Павлодар қалаларында спорттың: шағын-футбол, волейбол, стол теннисі, шахмат, қазақша-күрес, «Папа, мама және мен – спорттық отбасы» байқауы, жауынгерлік қарудан ату (ЭТҚ қызметкерлері үшін) сияқты 7 түрінен өңірлік турлар өткізіледі.
Спартакиаданың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын жүргізу, қызметкерлер арасында дене шынықтыру және спортты дамыту, ұжымды біріктіру және үздік спортшылар мен Комитеттің командаларын анықтау.
Cпартакиадының финалы Астана қаласында өтеді және Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналатын болады.
Шағын-футбол бойынша ойын финалы да Астана қаласында мемлекеттік кірістер органдарының құрылуының 1-жылдығын мерекелеу қарсаңында өткізіледі.
ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі