Date of publication: 28.01.2016 18:24
Date of changing: 28.01.2016 18:29

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ                                           

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің жас қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру шеңберінде, қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары үшін ұсталған адамдарға арналған тергеу изоляторына барды

Сыбайлас жемқорлық лауазымдық қылмыстарының профилактикасы мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Тәрбие – профилактикалық мақсаттарында, комитеттің Ішкі қауіпсіздік басқармасы Астана қаласының ҚР ІІМ ҚАЖК ЕЦ-166/1 мекемесіне баруды ұйымдастырды, онда жас мамандар және жаңадан қабылданған қызметкерлер сол немесе өзге де қылмыстар жасаған адамдарды ұстау және қамауға алынған тұрмыс жағдайларымен танысты.

Бұл профилактикалық іс-шара мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тарапынын құқыққа қайшы қызметті алдын алуға және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға бағытталған.