Date of publication: 20.02.2015 20:13
Date of changing: 20.02.2015 20:17

Құрметті салық төлеушілер!

 

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен 2014 жылдың 3 тоқсаны үшін қосылған құн салығы бойынша 2015 жылдың 30 қаңтары  жағдайына тапсырылған декларациялар негізінде автоматтандырылған камералдық бақылау рәсімдерінің жіберілімдері  жүзеге асырылды.

Электрондық құжаттармен алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ, криптокілт) пайдалану және тану туралы келісім жасасқан салық төлеушілерге камералдық бақылау бойынша хабарлама Салық төлеуші кабинетіне (СТК) электронды түрде жіберілді.

Салық кодексінің (бұдан әрі - СК) 608-бабына сәйкес электрондық түрде жіберілген хабарламалар мемлекеттік кірістер органы веб-қосымшаға жіберген күннен бастап тапсырылды деп есептелетiніне назар аударуыңызды сұраймыз.

Сонымен бірге, камералдық бақылауды өткізу амалдарына Салық кодексінің 587 бабының 1 тармағына сәйкес өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) қолдана отырып сараланды.

Тәуекелі жоғары деңгейдегі бұзушылықтар бойынша –камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар ресімделіп салық төлеушіге жолданды;

тәуекелі орташа деңгейдегі бұзушылықтар бойынша -  камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар ресімделіп салық төлеушіге жолданды;

тәуекелі орташа деңгейдегі бұзушылықтар бойынша – ақпарат ҚР ҚМ МКК деректер қорында жинақталады.

Бұл ретте, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар мәлімет үшін жолданады. Осыған орай, камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаларды орындамаған салық төлеушілерге қатысты банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру шаралары қолданылмайды және олар  әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Сонымен қатар, тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) қолдану шегінде жүргізілетін салықтық бақылау барысында салық төлеуші туралы  мемлекеттік кірістер органдарында бар барлық мәлімет, соның ішінде орындалмаған камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар, қолданылады.

            1. Салық есептердің толығы және дұрыстығы

            «Жеткізушілер мәліметтерімен салыстырғанда анықталған, есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын артық көрсету» және «Сатып алушы мәліметтерімен салыстырғанда анықталған өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету бойынша ҚҚС сомасын жасыру» бұзушылықтардың ең көп таралуының негізгі себептері - келесілер:

-        жеткізушінің  өткізу айналымын толық көрсетпеуі;

-        ҚҚС  бойынша декларацияларының 300.07 шот – фактуралар тізілімдерін толтырмауы;

-        сатып алушыны негізсіз есепке алу.

Осындай қателіктердің салдарынан, камералдық бақылау кезінде оның контрагенттерінің мәліметтерімен салыстыру барысында, негізсіз айырмашылықтар анықталады.

Әр салық төлеуші декларацияларда көрсеткен мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапты. Егер контрагентердің мәліметтерімен салыстыру барысында анықталған есепке жатқызылған ҚҚС артық көрсету туралы хабарлама алған сатып алушы, есепке жатқызған соманы құжаттармен растаса  (растайтын құжаттарға шот – фактуралар, екі жақты қол қойылған салыстыру актілері жатады), онда бұзушылық жеткізушіге қайта қойылады.

 

2. СТК-не келіп түскен Хабарламалар

Салық төлеушінің Кабинетіне Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама/Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабаралама  және 1-ші қосымша жеткізіледі. Анықталған бұзышылықтарды сипаттайтын қосымшалардың толық көлемін электрондық пошта адресіне сұрату қажет.

Ол үшін:

1.    СТК-дегі хабарламалар журналына кіріңіз;

2.    «Действия» бағанындағы «» белгісіне басыңыз. Шыққан сұхбаттасу терезесінде хабарламамен қосымшалар жіберілуі тиіс  электрондық пошта адресін енгізіңіз. «Отправить» түймешігіне басыңыз.

 

 

СТК-не қол жеткізу бойынша қиындықтар туындаған кезде,  ҚР ҚМ МКК sds@mgd.kz демеу қызметіне  хат жолдауыңызға болатынын еске саламыз.

3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындау

СК 587 бабының 2 тармағына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны (бұдан әрі - Хабарлама) орындау салық төлеушімен (салық агентімен) ол табыс етілген (оны алған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органдарына анықталған бұзушылықтар жататын кезең үшін салық есептілігін ұсынады.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

  1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген мемлекеттік кірістер органына - анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште СК 587 бабына 2-1 тармағына талаптарына сәйкес түсініктеме;

  2) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер қызметі органына - камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу бойынша мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Хабарламаны электрондық тәсілмен СТК арқылы орындау мүмкіндігі іске асырылған (яғни, қосымша СЕН немесе түсініктеме).

Егер, салық төлеуші Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіссе, онда СТК хабарлама бойынша СЕН құрастыру мүмкіндігі бар, сонымен қатар, нысанның жолдары хабарлама туралы ақпаратпен толтырылады, яғни СТК нысандар журналында хабарлама № және күні жолдары толтырылған қосымша СЕН шимай дәптері құрылады. Алайда салық есептілігінің қосымшаларында жолдар саны 500-ден аспауы керек, ал бұдан үлкен СЕН-ді тапсыру үшін СЕӨЖ АЖ-н қолдану қажет.

Егер,  салық төлеуші Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспесе, онда СТК түсініктеме толтыру және келіспеу себептерін және де әр бұзушылық бойынша өзінің дәлелін көрсету, құжаттардың электрондық көшірмесін қоса беру мүмкіндігі бар.

Тіркелген файлдар көлемі 10 Мбайт-тан аспауы қажет. Файлдарды тіркегеннен кейін «Сақтау», одан кейін «Жіберу» батырмаларына басу керек. Түсініктемеге қосымша жолданған файлдар СТ Кабинетінде жіберу күннен бастап 60 жұмыс күні бойы сақталады. Мемлекеттік кірістер комитеті  түсініктемені алғаннан кейін, жолданған түсініктемелер журналында түсініктеме статусы «СО-ға жеткізілген» болып өзгертіледі. Салық төлеушіге мемлекеттік кірістер органымен түсініктеме электронды түрде қабылданғандығы жайында Хабарлама/растау жіберіледі.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы Хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау келесілерге әкеп соғады:

-          СК 611-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

-          СК 571 бабының 5 тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару;

-          СК 627 бабына сәйкес жоспардан тыс салық тексерісін тағайындау;

-          салық төлеушілермен мемлекеттік кірістер органдары және  лауазымды тұлғалардың заңды талаптарын орындамаған үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 219 бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолдану;

-          мәліметтердің Комитеттің Экономикалық тергеу қызметіне жедел іздестіру шараларын қолдану және қажеттілік туындаған жағдайда процессуалдық шешім қабылдау үшін жолдануы.

 

4. 300.07, 300.08 нысандарындағы шот – фактуралар тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ережелері

Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары бойынша 2010 жылдан бастап салық кезеңдерінде, 300.07 және 300.08 Тізілімдерінің бөлімінде кез келген В, С, D, E, F,G, Н, I, J бағандарында қате анықталған жағдайда бұрын қате көрсетілген шот – фактура жойылатын ескертеміз.

Қате шот – фактураны жою үшін қосымша Тізілімде өзгерістер енгізілетін мерзіміне қатысты бұрын тапсырылған Тізілімнің ақырғы жолдан кейінгі жол нөмірі көрсетіледі. Бұрын барлық көрсетілген реквизиттер В, С, D, E, F,G бағандарында көрсетіледі, ал Н, I, J бағандарында бұрын көрсетілген соммалар «алу» белгісімен жазылады. Одан кейін жаңа жолдан бастап дұрыс реквизиттер және соммалар жазылған шот – фактура енгізіледі.

Салық мерзімі үшін Тізілімді жаңа жолдармен толықтыру үшін толықтырулар енгізілетін мерзіміне қатысты бұрын тапсырған Тізілімнің ақырғы жолдан кейінгі жол нөмірі көрсетіледі.

Сонымен қатар, егер кезекті Декларациядан кейін бірінші қосымша Декларация тапсырылған кезде, Тізілімді толықтырғанда немесе Тізілімнен жолдарды жойғанда, кезекті Декларацияның Тізілімінің ақырғы жолының нөмірен кейінгі жол нөмірі көрсетілетінін ескере отыру қажет.

Кейінгі қосымша Декларациялар тапсырылғанда, Тізілімді толықтырғанда немесе Тізілімнен жолдарды жойғанда, соңғы қосымша Декларацияның Тізілімінің ақырғы жолының нөмірінен кейінгі жол нөмірі көрсетіледі.

Мысал негізінде түсіндірсек:

а) егер өзгеріс енгізу қажет болса

Мысалы 2012 жылдың 2 тоқсан үшін ҚҚС бойынша кезекті декларация тапсырылған, 300.08 нысанында үш шот – фактура көрсетілген:

 

№1 Кесте

А Бағаны

D  Бағаны

E  Бағаны

F

Графасы

H  Графасы

I    Бағаны

Бағаны

жол нөмірі

ЖСН/БСН

ш/ф №

ш/ф жазылған күні

ш/ф бойынша ҚҚС-сыз барлық құны

ш/ф көрсетілген ҚҚС

Есепке жатқызылатын қосылған құн салық сомасы

2

1 ЖСН/БСН

10

10.04.12

50 000

6 000

6 000

3

2 ЖСН/БСН

58

24.05.12

6 000

7 200

7 200

4

3 ЖСН/БСН

30

05.06.12

40 000

4 800

4 800

 

Кейін кезекті тізілімде №3 жолында (№1 Кесте) «СТН 2» контрагенті бойынша ҚҚС сомасы қате көрсетілгені анықталды (720 теңгенің орына 7200 теңге көрсетілген), сонымен бірге өзге реквизиттер дұрыс көрсетілген.

Аталған қатені түзету үшін қосымша тізілімнің «А» бағанында бұрын тапсырған Тізілімнің ақырғы жолынан кейінгі жол нөмірін көрсетіп, келесі жазбаны қосу қажет:

№2 Кесте

А Бағаны

D  Бағаны

E  Бағаны

F

Бағаны

H  Бағаны

I    Бағаны

Бағаны

жол нөмірі

ЖСН/БСН

ш/ф №

ш/ф жазылған күні

ш/ф бойынша ҚҚС-сыз барлық құны

ш/ф көрсетілген ҚҚС

Есепке жатқызылатын қосылған құн салық сомасы

5

2 ЖСН/БСН

58

24.05.12

- 6 000

- 7 200

- 7 200

6

2 ЖСН/БСН

58

24.05.12

6 000

720

720

 

Нәтижесінде қате шот – фактура бойынша мәліметтер жойылады да жаңа мәліметтер енгізіледі.

Тізілімнің кез келген бағанында (СТН, ЖСН/БСН, № немесе ш/ф жазылған күні, құны соммасы), кез келген қате анықталғанда, осыған ұқсас түрде Тізілімге өзгерістер енгізіледі.

 

б) егер толықтыру енгізу қажет болса

Жоғарыда аталған жағдайға сәйкес (тапсырған қосымшаға бір қосымша СЕН тапсырылғанын еске алғанда) толықтыру енгізілгенде нөмірлеу №7 –жолдан басталады:

 

А Бағаны

D  Бағаны

E  Бағаны

F

Бағаны

H  Бағаны

I    Бағаны

Бағаны

жол нөмірі

ЖСН/БСН

ш/ф №

ш/ф жазылған күні

ш/ф бойынша ҚҚС-сыз барлық құны

ш/ф көрсетілген ҚҚС

Есепке жатқызылатын қосылған құн салық сомасы

7

4 ЖСН/БСН

28

16.06.12

70 000

8 400

8 400

 

5. Кері байланыс

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің камералдық бақылау сұрақтарына қатысты заңсыз әрекеттері бойынша шағымдарыңызды не ҚР ҚМ МКК-нің Бірыңғай байланыс орталығына (1414, 8-800-080-7777), не call-e-tax@mgd.kz электрондық шағым кітабіне, не ҚР ҚМ МКК Төраға Интернет блогына, не kk@mgd.kz электрондык адресіне жолдай аласыз.

 

6. Пайдалы сілтемелер

ҚР ҚМ МКК Порталында:

- салық төлеушілерді іздеу (kgd.gov.kz>Электрондық сервистар > Салық төлеушілерді іздестіру);

- ҚҚС төлеушілері жөніндегі деректерді қарау (kgd.gov.kz>Электрондық сервистар > ҚҚС төлеушілерін іздестіру);

- жабылу кезеңінде тұрған салық төлеушілерді іздестіру (kgd.gov.kz>Электрондық сервистар > Жабылу кезеңінде тұрған салық төлеушілерді іздестіру);

- сенімсіз салық төлеушілерді іздестіру (kgd.gov.kz>Электрондық сервистар > сенімсіз салық төлеушілерді іздестіру)

мүмкіндіктері бар екенін естеріңізге саламыз.