
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2015 жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласында ДСҰ қосылуымен байланысты мәселелер бойынша жоғары денгейдегі Жұмыс тобының жанында жұмыс істейтін ақпараттық алмасу және өзара сауданы есепке алу жөніндегі кіші тобының 4-ші отырысы өтіп жатыр.
Отырыс барысында Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 шешімімен бекітілген Тізбеге енгізілген тауарлардың өткізілуін бақылау және мониторингтеу үшін қажетті ақпараттық өзара іс-қимыл және құжаттамалық сүйемелдеу мәселелері талқыланатын болады.
Бұл кіші топтың Астана қаласына екінші сапары, осыған дейін қазақстан тарапы 2015 жылғы 17 қарашада «Электрондық шот-фактура» акпараттық жүйесін тарту еткен болатын.
Сонымен, 2015 жылғы 22 желтоқсанда Мәскеу қаласында өткен Қазақстан Республикасының ДСҰ қосылуымен байланысты мәселелер бойынша жоғары денгейдегі Жұмыс тобының отырысы барысында, қазақстан тарапына Тараптарды «Электрондық шот-фактурасы» жүйесінің практикалық жұмысымен таныстыру тапсырылған болатын.
Бұдан басқа, кіші топтың 4-ші отырысы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 шешімімен көзделген төмендетілген ставкалардың қолдануы басталған күнінен бастап көрсетілген тауарларды өтпелі кезеңге ауыстыру үшін қажетті тауарға ілеспе құжаттарды реттеу және келісу жоспарлануда.
Кіші топтың жұмысына Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей ФКҚ басшысының орынбасары Р. В. Давыдовтың басшылығымен Ресей Федерациясы делегациялары және «Атамекен» ҰПК қатысады.
Отырыстың қорытындысы бойынша Ақпараттық алмасу және өзара сауданы есепке алу жөніндегі кіші тобының 4-ші отырысының Хаттамасына қол қойылатын болады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі