Date of publication: 23.12.2015 18:41
Date of changing: 24.12.2015 16:14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы ұтысының жеңімпаздары анықталды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде 2015 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының қорытынды ұтысы өткізілді. Басты сыйлық Chevrolet маркалы автомобилі және 3 ынталандыру сыйлығы - 100, 200, 300 мың теңгеге сертификат 124  финалист арасында ойнатылды.

Ұтыстың қорытындысы бойынша ынталандыру сыйлықтардың бақытты иегерлері:

100 мың теңге сомасындағы сертификат:

  • Иманқұлова Арайлым Өтегенқызы (Қостанай облысы);

200 мың теңге сомасындағы сертификат:

  • Сабыржанова Мереке Сабыржанқызы (Атырау облысы);

300 мың теңге сомасындағы сертификат:

- Шаймукаева Айсара Бекежанқызы (Алматы облысы).

Басты сыйлық - Chevrolet маркалы автомобилінің иегері  Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Мусин Әлібек Қуатұлы.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Атамекен» ҰҚП қолдауымен ағымдағы жылғы 1 сәуірден 30 қараша аралығында республика бойынша өткізілген болатын.

Пресс-служба КГД МФ РК