
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
23.12.2015ж.
Баспасөз релизі
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы тікелей мәресіне шықты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен, «Атамекен» Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ағымдағы жылдың 1 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында барлық республика бойынша «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы өткізілді.
Акция азаматтық белсенділікті және халықтың салықтық сауаттылығын жоғарылату, тауарлар, жұмыстар, қызметтердің тұтынушылары ретінде өздерінің мүдделерін қорғау мәселесі бойынша азаматтардың құқықтық мәдениеттерін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру мақсатында өткізілді.
Акцияда, акцияны өткізу мерзімінде тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алу кезінде алған түбіртектерді ұсыну жолымен тауарды (жұмысты, қызметті) алғанын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатысқан.
Акция аудандық, сонан соң облыстық орталықтарда – 3 кезеңде өткізілді, соңғы үшінші кезеңі республикалық деңгейде өткізіліп жатыр.
Акцияны өткізудің 8 айында барлық республика бойынша, мемлекеттік органдарға 10 млн. ұтыс ойнату купондарын ұсынған 2 млн. адамнан аса қатысты. 1862 ұтыс ойындары, соның ішінде аудандың және қалалық мемлекеттік кірістер басқармаларында – 1736, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменттерінде – 126 өткізілген.
Ағымдағы жылдың 8 айында жеңімпаздарға 200 астам жүлделер, соның ішінде тұрмыстық техника (теледидарлар, тоңазытқыштар, толқын пештері, шәйнектер) және байланыс құралдары (ноутбуктер, ұялы телефондар, планшеттер және басқа да гаджеттер) табысталған.
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының басты жүлдесі болып Chevrolet маркалы жеңіл автокөлігі жарияланған, ұтысты ойнату бүгін, 2015 жылғы 23 желтоқсанда өткізіледі.
Өткізілген акцияның бастапқы нәтижесі мемлекеттік кірістер органдары қызметініңкелесі көрсеткіштерінде көрініс табады:
- есепке қойылған ДК саны – 9008;
- есепке қойылған бақылау-кассалық машиналардың саны – 8 255;
- салық заңнамасы талаптарына сәйкес келмейтін БКМ бақылау түбіртектерін беру фактілері анықталған саны – 87;
- ӘБ кодексінің 284 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы аяқталған істер саны – 952, жалпы талап қойылған әкімшілік айыппұл соммасы 1 248 670 теңгені құраған.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі