Date of publication: 22.12.2015 15:41
Date of changing: 23.12.2015 16:37

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

АҢДАТПА

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде 2015 жылғы 23 желтоқсанда сағат 15-00-де «Чекті талап ет-сыйлық ұт!» науқанының басты сыйлығы ойналады.

«Чекті талап ет-сыйлық ұт!» науқаны республиканың барлық өңірлерінде ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өткізілуде.

Ұтыс барысында басты сыйлық «Автокөлік» және әр өңірдегі қатысушылар үшін жұбаныш сыйлығы ойнатылады.

Науқанның (ұтыс) басты сыйлығын өткізу ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің 2015 жылғы приоритетті міндеттерін іске асыру шеңберінде жоспарланған. 

БАҚ-ты аккредиттеу мына телефондар:

+7 (7172) 70-99-48, 70-99-22, 8-701-358-31-97, 8-777-533-72-47 және keden_kz@mail.ru; rsharipova@mail.ru; pressa@mgd.kz электрондық мекен-жайлары бойынша жүргізіледі.    

Брифинг өткізілу орны:      Астана қаласы, Бейбітшілік көш.,10.                                                                                    

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі