Date of publication: 18.12.2015 18:59
Date of changing: 18.12.2015 19:00

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Мемлекеттік кірістер комитеті мен Назарбаев Университеті арасында ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ меморандумға қол қойылды

18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Е. Ерғожин мен «Назарбаев Университетінің» Президенті Шигео Катсудың қатысуымен ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды.

Ғылым мен мемлекеттік аппараттың арасында ынтымақтастықты белгілеу – елдің прогрессивті дамуының негізгі шарттарының бірі.

Мемлекеттік кірістер комитеті өз қызметінде ғылыми негізделген әдістерді пайдалану қажеттлігін түсінеді және қолдайды.

Осы Меморандумды жасасқаннан кейін біздің Тараптарымыздың арасында ынтымақтастықты дамыту мынадай салаларда жүзеге асыруды көздейді:

- салық және кеден заңнамалары;

- салық және кеден бизнес-процестерін жаңғырту;

- деректерді зияткерлік талдау және ақпараттық жүйелерді дамыту;

- ғылыми-білім беру байланыстарын нығайту және бірлескен жобалардың шеңберінде екі ұйымның арасында ынтымақтастықты кеңейту;

- инновациялармен және білікті қызметкерлермен алмасу.

Бұдан басқа, осы Меморандумның шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитетінің алаңында «Назарбаев Университетімен» бірлескен зерттеулер жүргізу жоспарлануда.

Өз кезегінде, «Назарбаев Университетінің» ғылыми әзірлемелері Комитеттің жанында құрылатын деректер зертханасында  тестілеуден өтуі мүмкін.

Ортақ мүдде ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға және бірлескен жобалардың нысанында екі ұйымның арасында ынтымақтастықты кеңейтуге, инновациялармен алмасуға және іргелі проблемалар мен қолданбалы міндеттердің кең спектірін шешу үшін бірлескен білім беру бағдарламаларын  ұйымдастыруға негізделген.

МКК мен Назарбаев Университеті арасындағы одан кейінгі екіжақты ынтымақтастық шеңберінде, Тараптар бірлескен зерттеулер, конференциялар, семинарлар өткізуге, білім беру бағдарламаларын ұйымдастыруға, тұрақты негізде тәжірибемен және біліммен алмасуға ниетті.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі