Date of publication: 04.12.2015 14:37
Date of changing: 04.12.2015 14:38

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылғы 02-04 желтоқсан кезеңінде Астана қаласында «Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарындағы бухгалтерлік есепке алу» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өткізуде.

Аталған іс-шараны өткізу ҚР ҚМ МКК Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №131 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізудің 2015 жылға арналған жоспарында көзделген.

Курс дәріскер мен оған қатысушылар арасындағы қарқынды өзара іс-қимыл режимінде өтуде. Оқыту процесінде case-study, жағдайды талқылау, тәжірибемен алмасу және өзара консультация беру мен оқытудың басқа да интерактивті әдістері қолданылады. Негізгі әдістер: мини-дәрістер, топпен пікірталас өткізу, тұсаукесерлер, кейстерді талқылау және талдау.

Дәріскер ретінде Дина Асылбекқызы Тайшыбаева шақыртылған (кәсіби бухгалтер сертификаты, АССА DipIFR дипломы, практикадағы бухгалтер).

Курстың мақсаты сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарында бухгалтерлік есепке алуды жүргізу негіздеріне, ережелеріне және тәртібіне, сондай-ақ қаржылық есептілік жасау негіздеріне оқыту.

Тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курстарының нәтижелері бойынша сертификаттар берілетін болады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі