ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылғы 02-04 желтоқсан кезеңінде Павлодар қаласында «Уақытты басқару және іскери қарым-қатынас этикасы» тақырыбында біліктілігін арттыру курстары өтуде.
Оқу процесінде case-study, қазақстанның нақты жобаларын талқылау, үздік мысалдарды қарау және талдау, тәжірибе алмасу мен өзара кеңес алу, сондай-ақ оқытудың басқа да интерактивті әдістері қолданылатын болады.
Негізгі әдістер: шағын-дәрістер, тестілеу, топтық талқылау, шағын топта жұмыс істеу, шағын-тұсаукесерлер, кейстерді талқылау және талдау.
Шақырылған сарапшылар менеджмент, жұртшылықпен байланыс, ұйымдастырушылық басқару, персоналды басқару, келіссөздер әдістері, шиеленіскен жағдайларды шешу, имиджді және іскерлік беделді қалыптастыру, басшының уәждемесін арттыру стратегиясы саласында мамандандырылған.
Біліктілігін арттыру курстарының аяқталуына қарай қатысушыларға сертификаттар табыс етілетін болады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі