ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Ағымдағы жылғы 23 қарашадан 4 желтоқсан аралығында МКК Оқу-әдістемелік орталығымен «Қаржы жүйесі органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері» тақырыбында онлайн-семинар өтуде.
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық қана емес екендігі көрсетілген. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады.
Қазақстан Республикасында негізінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық базасы қалыптастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері қаржы жүйесі органдарының алдағы семинарында қарастырылатын болады.
Дәріскерлер ретінде «Alemanalytics» ЖШС өкілдері және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл басқармасының өкілдері қатысады.
Қатысушыларға қажетті ақпараттық материалдардың барлығы: электронды оқулықтар, дәріс және тұсаукесер материалдары ұсынылатын болады. Семинардың соңында барлық қатысушыларға электрондық сертификаттар берілетін болады.
Оқыту 36 академиялық сағаттан, оның ішінде 30 сағаты - вебинарлар үшін электрондық портал арқылы материалды бірлесіп зерделеу, 6 - электрондық оқулықпен өздік жұмыс жасау болады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі