ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы а.ж. 25 – 27 қараша кезеңінде Астана қаласында «1С, SAP бағдарламасында бухгалтерлік есепті жүргізу» тақырыбында біліктілігін арттыру курстары өткізілуде.
Семинардың мақсаты, 1С, SAP бағдарламасында бухгалтерлік есептің негіздерін, қағидалары мен жүргізу тәртібін оқыту болып табылады. Аталған бағдарлама қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне негізделген. Бағдарлама тыңдаушылардың бухгалтерлік есепте әртүрлі шаруашылық операцияларды көрсету тәртібін ұйымдастыру бойынша тиісті практикалық білімін алуға бағытталған.
Есептің негізгі параметрлерін ұйымдастыру бойынша практикалық білімдерді алу. 1С, SAP бағдарламасында бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін түсіндіру.
Біліктілігін арттыру курстарының қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілетін болады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі