Date of publication: 24.11.2015 09:19
Date of changing: 24.11.2015 09:20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2015 жылғы 26-27 қарашада Астана қаласында сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде «бірыңғай терезе»

механизмнің дамуына байланысты мәселелері бойынша «дөңгелек үстелдің» көшпелі отырысы өтеді

Аталған іс-шара Еуразиялық экономикалық комиссиясының төралығымен жүргізіледі.

Дөңгелек үстелдің өткізу мақсаты Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 68 шешімімен бекітілген сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде «Бірыңғай терезе» механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасында туындайтын сұрақтарды талқылауы, сондай-ақ мемлекеттік органдарының және бизнес-қоғамдастықтардың өкілдеріне ақпараттандыру болып табылады.

«Дөңгелек үстелдің» отырыс жұмысына қатысу үшін бейінді министрліктер мен ведомстволардың өкілдері және Қазақстан Республикасының бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері шақырылды.

БАҚ аккредитациясы мына телефондар: +7 (7172) 70-99-48, 70-99-22, 8-701-358-31-97, 8-777-533-72-47 және электрондық пошта: keden_kz@mail.ru; rsharipova@mail.ru арқылы жүргізіледі.

Өткізу орны: Астана қаласы, Космонавттар көшесі, 60, «Комфорт-Астана» қонақ үйінің конференц-залы.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі