ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2015 жылғы 19-20 қарашада Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ресей Федералдық салық қызметі басшыларының кездесуі өтті.
Көп жылғы дәстүр бойынша белгіленген екіжақты қарым-қатынас шеңберінде Комитет төрағасы Дәулет Ерғожин Ресей Федералдық салық қызметінің кеңейтілген алқасына қатысты.
Кеңейтілген алқа Ресей салық органдарының құрылғанына 25-жылдық мерейтойын мерекелеуге орайластырылған, және алқа барысында Ресей салық қызметінің қалыптасу және құрылу кезеңі аталып өтті.
Ресей Федералдық кеден қызметімен екіжақты ынтымақтастық шеңберінде ҚР ҚМ МКК төрағасы Д. Ерғожин Ресей ФКҚ Ресей кеден академиясының студенттеріне «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері» атты тақырыпта дәріс оқыды.
Д.Ерғожин өз сөзінде Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде заңнамалық бастамалар туралы, жаңадан құрылған ҚР ҚМ МКК мемлекеттік органы туралы айтып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының болашақтағы даму көрінісімен бөлісті.
Әңгімелесу барысында сындарлы диалог және пікір алмасу болды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі