ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Пресс-релиз
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығымен ағымдағы жылғы 18-20 қараша аралығында Шымкент қаласында «Қызметтік қатынас этикасы және уақытпен басқару» тақырыбында біліктілігін арттыру курстары өтуде.
Оқу процесінде case-study, қазақстандық шынайы жобаларды талқылау, үздік үлгілерді қарау және талдау, тәжірибе алмасу мен өзара кеңес алу және басқа да оқытудың интерактивті әдістері қолданылады.
Негізгі әдістер: шағын-лекциялар, тестілеу, топтық талқылау, шағын топтағы жұмыс, мини-презентациялар, талқылау және кейстерді талдау.
Шақырылған сарапшылар менеджмент, қоғамдық қатынастар, ұйымдастырушылық басқару, персоналды басқару, келіссөздер әдістері, жанжалдарды шешу, имиджді және іскерлік беделді қалыптастыру, басшының мотивациясын жоғарлату стратегиясы саласында мамандандырылған.
Біліктілігін арттыру курстарының қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табыс етіледі.
ҚР ҚМ МКК Пресс-қызметі