
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
2015 жылғы 9-12 қараша кезеңінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы «Бір белдеу және бір жол» бойында орналасқан елдер кедендік әкімшіліктерінің арасындағы рәсімдерді оңайлату мәселелері бойынша семинарға қатысты.
2013 жылғы қыркүйек және қазанда ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Орта және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапарында XXI ғасырдың Жібек жолының экономикалық белдеуін және теңіз Жібек жолын (бұдан әрі «Бір белдеу және бір жол» бастамасы деп аталады) бірлесіп құру туралы бастамашылық етті.
«Бір белдеу және бір жол» - бұл бірлескен дамуға, бірлескен гүлденуге, ынтымақтастық пен екі жақты ұтысқа жетелейтін жол. Бастама жан-жақты іскерлік ынтымақтастыққа, саяси өзара сенімділікке, экономикалық интеграцияға және мәдени толеранттылыққа бағытталған. «Бір белдеу және бір жол» Азия, Еуропа және Африка құрлықтарынан өтеді.
Қазақстан делегациясын ҚР ҚМ МКК КБД Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары Губашева У.Б., ҚР ҚМ МКК Ақпараттық технологиялар басқармасының бас сарапшысы Досщанова Г.Т., ҚР ҚМ МКК КӘД Кеден маңы саласындағы әдістеме басқармасының бас сарапшысы Шаимов Ж.А. және ҚР ҚМ МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы Сарыбаева Б.Н. білдірді.
Семинарға ҚХР, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан Республикаларының, Ресей, Казақстан және ДСҰ өкілдері қатысты.
Семинар барысында ҚР ҚМ МКК қызметкерлері «Қазақстан Республикасында сауда рәсімдерін оңайлату бойынша шаралар», «Уәкілетті экономикалық операторлар» және «Кедендік әкімшілендіру кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелер» тақырыбындағы презентациялармен сөз сөйледі.
«Бір белдеу және бір жол» бойында орналасқан елдердің кедендік әкімшіліктерінің арасындағы ақпарат алмасу және тығыз ынтымақтастық мақсатында, ҚХР БКБ аталған семинарды келесі жылы өткізуді жоспарлауда.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі