Date of publication: 02.11.2015 18:12
Date of changing: 03.11.2015 16:28

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

02.11.2015ж.

ЕАЭО кедендiк шекарасындағы автомобиль өткiзу пункттерінде ветеринариялық бақылау және өсiмдiктер карантинi бойынша

бақылау функцияларын мемлекеттiк кірістер органдарының жүзеге асыруы

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде ЕАЭО кедендік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыруы мәселелеріне арналған брифинг өтті.

СЭҚ-қа қатысушылар үшін әкімшілік кедергілерді жою және автомобиль өткізу пункттері арқылы тауарлар мен көлік құралдарының жылдам өтуін  қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы ақпаннан бастап мемлекеттiк кірістер органдарына КО сыртқы шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру бойынша функциялар берілді (ҚР 2014 жылғы 10 қарашадағы №249-V Заңы).

Автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдарының бақылау функцияларын және ветеринария және өсiмдiктер карантині саласындағы уәкiлеттi органдармен өзара iс-қимылын регламенттейтін нормативтiк құқықтық актiлер бекітілді.

Автомобиль өткiзу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын бақылаудың (құжаттық бақылау, физикалық бақылау)  түрлерi анықталды. Бақылаудың  нәтижелерi бойынша мемлекеттiк кірістер органдарының лауазымды тұлғалары бақылаудағы тауарларды транзитпен әкелу, әкету туралы шешiм қабылдайды. Автомобиль өткiзу пункттерінде бақылау аяқталғаннан кейін бақылаудағы тауарлар кедендiк тазарту жүргiзілгенге дейiн келу орнында АШМ аумақтық бөлiмшелерi ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалауды жүргiзетiн межелі (жеткiзу) орнына жолданады. Қажет болған жағдайда бақылаудағы өнiм зертханалық зерттеуден өтедi.

Ветеринариялық және фитосанитариялық бақылаудың толықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшiн автомобиль өткiзу пункттерінде қажетті техникалық құралдармен және жабдықтармен жарақтандыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Сондай-ақ, АШМ аумақтық бөлiмшелерінің кәсіби білімді 90 адамы (44 мал дәрiгерi, 46 фитосанитар) бар штат санын мемлекеттiк кірістер органдарына беру жөнінде жұмыс жүргiзілуде.

Осылайша, ЕАЭО сыртқы шекарасындағы автомобиль өткiзу пункттерінде шекара қызметі және мемлекеттiк кірістер органдары ғана қалды, онда мемлекеттік кірістер органдары кедендік, көлiктік, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау функцияларын жүзеге асырады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі