Date of publication: 27.10.2015 14:21
Date of changing: 27.10.2015 14:22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

        27.10.2015 ж.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қылмыстық істі қысқарту үшін мемлекеттік кірістер органдарының қызметкеріне 3 000 АҚШ долларын ұсынды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған субъектілердің лауазымды тұлғаларды сатып алудың бес жағдайының жолын кесті.

Мемлекеттік кірістер органдарының перспективалық дамуының аса маңызды бағыттарының бірі, ең алдымен, лауазымды тұлғаларды сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша іс-шараға кеңінен тарту болып табылады. Атап айтқанда, олардың 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және өздігінен тазарудың ведомстволық бағдарламасын, яғни 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөніндегі жоспарын іске асыруға қатысуы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік кірістер органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен қатар өзінің қатарында қызметкерлердің қызметтік жұмысы процесінде мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін пара берумен байланысты кез келген мүмкін жағдайлар мен алғышарттардың жоюын жалғастыруда.

Ағымдағы жылы қызметкерлердің көмегімен сол немесе өзге мемлекеттік қызметтерді және рұқсат беру функцияларын көрсеткені үшін олардың пара алуға бейімділіктің 5 (бес) жағдайы анықталды.

Мәселен, ағымдағы жылғы қазанда бұрын ЖШС басшысына қатысты мемлекетке шамамен 155 млн. теңге мөлшерінде залал келтіріп, жалған кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі қысқартуда ықпал ету үшін О. азаматы тарапынан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерін сатып алу фактісінің жолы кесілді.

Ұсынылған заңсыз сыйақының сомасы 3 000 АҚШ долларын құрады.

Осындай жолмен, пара берудің 4 (төрт) фактісінің жолы кесілді.

Саналылық танытқан және әлеуетті сыбайлас жемқорлықты алдын алған қызметкерлерді Комитет төрағасы материалдық тұрғыдан көтермеледі.

Комитет қызметкерлерді сатып алу талпынысының жолын кесу бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс-қимылды белсендіргенін және күшейткенін атап өту қажет. Мұндай бірлескен іс-шаралар арам салық төлеушілердің жекелеген санаттарында және азаматтарда мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне заңсыз сыйақы ұсыну ойынан айнытады және олардың сатып алу талпынысын алдын алу және жолын кесу бойынша тиімді профилактикалық құралға айналады деп болжануда.

Сондай-ақ, Комитет, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан да, кәсіпкерлік субъектілерінің тарапынан да құқыққа қайшы қызмет және қорқыту фактілері туралы сыбайлас жемқорлық сипаттағы ақпарат болған кезде  Комитеттің Ішкі қауіпсіздік басқармасына (7172) 70 98 65 телефоны, (7172) 32 20 87, 70 99 51, 70 99 77 факс бойынша жүгіну қажет екендігін хабарлайды.

Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің

баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электрондық почта арқылы хабарласа аласыздар.