
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
26.10.2015ж.
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2015 жылғы 26 – 27 қазанда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Брюссель қаласында (Бельгия Корольдігі) Дүниежүзілік кеден ұйымының Қаржы комитетінің 98-ші сессиясына қатысуда.
Қазақстан делегациясын ҚР ҚМ МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Е.Қ. Қожабергенов пен ҚР ҚМ МКК Халықаралық ынтымақтастық басқарма басшысының орынбасары М.С. Көшімбаев білдірді.
Отырыста ДКедҰ Қаржы комитетінің төрағасы болып сайланған Ұлыбританияның Корольдік кеден және салық қызметінің (HMRC) Бас директоры Б. Уиллиамсон төрағалық етті. Отырыста ДКедҰ басшылығын Бас хатшы Кунио Микурия мен Бас хатшының орынбасары Серджио Мухика білдірді.
Анықтамалық. ДКедҰ Қаржы комитеті 1953 жылы құрылған, және бүгінгі күнге 97 сессия өткізілді. ДКедҰ Кедендік ынтымақтастық кеңесінің 123/124 сессиясының (2014 жылғы 26 - 28 маусым) қорытындысы бойынша Қазақстан Қаржы комитетінің мүшесі болып сайланды. Қаржы комитетінің негізгі міндеттері Ұйымның қаржы құралдарын, келесі қаржы жылына қаржыландыру көздерін бақылау, сессияларға қаржы есептерін дайындау, ұйымның сыртқы қаржы аудит нәтижелерін талқылау болып табылады.
ДКедҰ Қаржы комитетінің 98-ші сессиясында ұйымның резервтерін пайдалану, жарияланым саясаты, жаңа үш жылдық стратегиялық жоспардың қаржы параметрлері, қаржы жаңалықтары сияқты және т.б. мәселелер қаралды.
Қазақстан тарапының бастамасы бойынша Ұйымның қызметіне орыс тілінде сөйлейтін ДКедҰ мүше елдерді ұйымның бюджетіне материалдарды орыс тіліне аудару шығыстарын қосу және Ұйымның қолдауымен өтетін отырыстар мен семинарлар барысында орыс тілінде синхрондық аударманы жүзеге асыру жолымен тарту деңгейін арттыру мәселесі талқыланды.
Анықтамалық. ДКедҰ ресми тілдері ағылшын және француз тілдері болып табылады.
Қаржы комитетінің отырыстарына қатысу Қаржы комитетіне мүше мемлекеттердің өкілдерімен екіжақты қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін перспективалық және мәртебелі алаң болып табылатынын атап өту қажет.
Қаржы комитетіне мүшелік ету Қазақстанның кеден қызметін ДКедҰ жұмыс органдарында өз позициясын бекітуге талпынатын ұйымның белсенді мүшесі ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.
ДКедҰ Еуропа өңірінің Кеден қызметтері басшыларының алдағы Конференциясына (2016 жылғы 19 - 20 мамыр, Астана қ.) дайындалу шеңберінде ДКедҰ және Еуропа комиссиясының өкілдерімен ұйымдастыру мәселелерін талқылау бойынша:
- ДКедҰ Еуропа өңірінің вице-төрағасы Ханц Цурекпен;
- Еуропа комиссиясының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарма бастығы Сюзанна Якобсонмен кездесу өтті.
Конференция ДКедҰ Еуропа өңірі мүшелері тарапынан қолдау алу және Ұйымның Саяси комиссиясын әрі қарай жылжыту мақсатында өткізіледі.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі