Date of publication: 21.10.2015 18:22
Date of changing: 21.10.2015 18:28

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

21.10.2015ж.

Баспасөз релизі

2015 жылғы 21 - 22 қазанда Мәскеу қаласында «Кеден қызметі – 2015» XVI Халықаралық көрмесі өтуде.

Қазақстан Республикасының кеден қызметі аталған халықаралық көрменің тұрақты қатысушысы болып табылады, көрме Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтерінің ресми көрмесі мәртебесі болғанына бесінші жыл.

Көрме «Экспоцентр» көрме кешенінің аумағында өтуде және кең іскерлік бағдарламасынан тұрды. Осы жылғы көрмеге 120-ға жуық экспонент қатысты. Алғаш рет Армения, Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кеден қызметтерінің стендтері Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нышаны ретінде бірлесіп орналастырылды.

Көрме барысында ресей және шетел компаниялары – сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден өкілдері, тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймасының және кеден қоймаларының  иелері, сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде – ақпараттық, қаржылық, логистикалық, құрылыс және т.б. кең спектрлі қызмет көрсететін басқа да кәсіпорындар қатысты.

Қазахстанның экспонатын ДКедҰ бас хатшысының орынбасары Серхио Мухико тамашалады.

Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитетінің стендінде Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ермек Қожабергенов көрме қонақтары мен қатысушыларды қазақстан тарапының тілегіне сәйкес «Nuchtech» (Нуктек) компаниясы әзірлеген «өткізу пунктінің эталоны» деген макетімен таныстырды.

Көрме кеден және бизнестің сындарлы диалогына ыңғайлы алаң болды. Көрме қатысушылары халықаралық оқиғаны интеграцияның мәнді факторы, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, кәсіби өзара іс-қимылды дамыту ретінде жоғары бағалады.

Ынтымақтастықты нығайту мақсатында Кеден одағының кеден қызметтері делегацияларымен жұмыс кездесулері өтті. Атап айтқанда Ресей Федеральды кеден қызметінің Кедендік ынтымақтастық басқармасының басшысымен.

Бұдан басқа, көрме шеңберінде «Экономикалық интеграцияланған бірлестіктегі Ресейдің мүшелігі шарттарында оның кеден ісін дамытудағы негізгі проблемалары» тақырыбында халықаралық практикалық конференция өтті.

Мәскеу қаласына ресми сапар шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Ресей кеден академиясына барды.

Делегацияның Академия басшылығымен және Қазақстанның студенттерімен өткен кездесу барысында студенттер мен кеден қызметінің қызметкерлерін оқыту бөлігінде ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, делегация академияның инфрақұрылымымен, материалды-техникалық базамен және студенттердің өмір сүру жағдайларымен танысты.

Бейнеконференция режимінде ҚР ҚМ МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Е.Қ. Қожабергенов Академияның Ростов және Санкт-Петербургтегі филиалдарында Қазақстанның кеден қызметінің жолдамасымен оқып жатқан студенттермен диалог өткізді.

Бейнеконференция барысында студенттер оқу туралы, профессор-оқытушы құрамы, өмір сүру жағдайы және т.б. туралы оң ойларымен бөлісті.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі