Date of publication: 19.10.2015 18:24
Date of changing: 19.10.2015 18:26

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

                                                               19.10.2015 ж.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Экономикалық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік және сыбайлас жемқорлық көріністерден өз-өзін тазарту бағдарламаларының

синергиясы туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) өзінің негізгі векторының дамуын 2015-2017 жылдардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарын дамыту перспективалары моделінде айқындады. Аталған модельге сәйкес «көлеңкелі» экономиканы барынша азайту бойынша тиімді шараларды қабылдау Комитет жұмысының негізгі басымдықтары болып табылады. Осы мақсатқа қолжеткізу мақсатында Комитет «Экономикалық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» бағдарламасын бекітті.

Бұл бағдарламаның бірінші кезеңінде бақылау-профилактикалық іс-шаралар Алматы қаласы мен Алматы облысында басталды, одан кейін Қазақстанның барлық облысында жалғасады.

Осы іс-шаралар шеңберінде кәсіпкерлік қызметпен тиісті теркеусіз айналысудың 6 137 жағдайы анықталды; 5 566 салық төлеуші ЖК ретінде есепке қойылғанын естеріңізге саламыз.

Бағдарламаның екінші кезеңі жалған кәсіпкерлікке қарсы күрес болды. Пилоттық режимдегі бағдарламаның жұмысы тек Қазақстан Республикасының астанасында «Астана-нөлдік төзімділік қаласы» деген девизімен жақсы нәтижелер көрсетті. Заңсыз ақша қаражатын қолма-қол етумен айналысқан 12 қылмыстық топ анықталды, оның 3-уі залалсыздандырылды. Республика бойынша ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үстінде және 9 млрд.теңгеге жуық сомаға жалған шот-фактураны жазу кезінде 50-ден аса ұстау жүргізілді.

Экономикалық тергеу қызметінің талдаушылары жүргізген жұмыстың нетижелері негізінде жалған кәсіпкерлік және қаскүнемдердің заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру бөлігінде алғыр тәсілдер мен әдістер қолданатынын атап өтеді. Талдамалық топтың қорытындылары нөлдік төзімділік бағдарламасы мен сыбайлас жемқорлық көріністен өзінен-өзі тазару бағдарламасын синергиялау үшін негіз болды.      

Бүгінгі күнге осы жұмыс өз нәтижесін берді. Шығыс Қазақстан облысының экономикалық тергеу қызметі қылмыстық топ құру күдігі бойынша бөлім бастығы мен мемлекеттік кірістер басқармасы басшыларының бірін ұстады. Құрамында мемлекеттік кірістер басқармасының екі жұмысшысы және бірқатар азаматтар бар қылмыстық топ алдын ала деректер бойынша мемлекетке  250 млн. теңгеден аса мөлшерде залал келтірген. Аталған іс Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, сондай-ақ аталған факті бойынша Комитет қылмыстық тергеу тағайындады.

30 қыркүйекте Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері контрагенттерді салық салудан алып кету мақсатында ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан Ақтау қаласының тұрғындарын ұстағанын еске саламыз. Тергеу олардың біреуі бұрын облыстық МКД-нің салық бөлімшесінде басшы лауазымда жұмыс істегенін анықтады.

Қосымша ақпараттар үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің

баспасөз қызметінің pressa@mgd.kz электрондық поштасына хабарласыңыздар.