ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
16.10.2015ж.
Баспасөз релизі
2015 жылғы 14-16 қазанда Сеул қаласында Оңтүстік Корея кеден қызметі жанында Корея кеден қызметінің Қытайдағы Өкілдігінің төрағалық етуімен «Электрондық сауданы оңайлату» тақырыбында Кедендік атташе клубының тоқсан сайынғы семинары өтті.
Отырыста Қытай Халық Републикасы мен Корея Республикасында аккредиттелген елдердің кеден қызметтерінің 50-ден астам өкілі, ҚХР МКБ орталық аппаратының және брокерлік компаниялардың өкілдері қатысты.
Қазақстанның кеден қызметін ҚХР-дағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бірінші хатшысы Әнуар Елгелдиев және Оңтүстік Кореядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бірінші хатшысы Раушан Ізбасарова білдірді.
Семинар барысында талқылаулар өтті және кеден қызметінің халықаралық электрондық сауда және рәсімдерді оңайлату қауіпсіздігін қамтамасыз ету рөлі туралы презентациялар ұсынылды, сондай-ақ қабылдаушы тарап қатысушыларды «Инчон» халықаралық әуежайдың жүк терминалының қызметімен таныстырды.
Келесі семинардың төрағалық етуші тарабы болып Жапонияның кеден қызметі анықталды.
Анықтамалық:
Қытайдағы Кедендік атташе клубы 2008 жылы маусымда ҚХР Бас кеден басқармасының бастамасымен құрылды, оған келу елінде аккредиттелген әлемнің 30 елінен 50-ден аса кедендік атташе кірді. Клубтың отырысы тұрақты түрде клубқа қатысушы елдердің кезекті тәртіпте төрағалық етуімен өтеді. Клубты құрудың негізгі мақсаты жұмысты тиімді қамтамасыз ету, кеден органдары арасында ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты дамыту үшін түрлі елдердің кеден қызметтерінің күші мен құралдарын топтастыру болып табылады. Бұдан басқа кеден заңнамасы саласында, кеден заңнамасы саласында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың тергеуін ұйымдастыруда өзара көмек және басқалармен тәжірибе алмасу.
Қазақстанның Қытайдағы Кеден қызметінің өкілдігі клубтың қалыптасқан сәтінен бастап тұр және белсенді мүшесі болып табылады. Корея тарапы алғаш рет төрағалық етуде және бұған жоғары мән бөлуде.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі