Date of publication: 16.10.2015 09:33
Date of changing: 16.10.2015 10:06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

16.10.2015ж.

Баспасөз релизі

2015 жылғы 14-15 қазанда Сеул қаласында «Азия елдеріндегі кірістер статистикасы» тақырыбында семинар өтті, оған Қазақстан, Индонезия, Малайзия, Филиппин, Қытай, Үндістан және Азияның басқа елдерінен делегаттар қатысты.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Азия даму банкі болып табылады.

Семинар барысында ЭЫДҰ сарапшылары жыл сайын жарияланатын статистикалық деректер, статистикалық деректерге онлайн қол жетімділігін ұйымдастыру, кірістердің түрлерін жіктеу (салықтық және салықтық емес түсімдер) мәселелерімен жарықтандырылды. Сонымен қатар деректерді жинау кезеңінен оларды ресми жариялағанға дейінгі кірістердің статистикасын енгізу әдістемесін әзірлеу мәселесі талқыланды. Ерекше көңіл кірістерді жинау бойынша қызметтердің рөліне, статистиканы қалыптастырудың негізгі қадамдарына және ресми дереккөздерде статистикалық деректерді жариялау мерзімдеріне бөлінді.

Бұдан басқа, басқа елдерден келген әріптестер (Индонезия Республикасы, Малайзия және Филиппин Республикасы) кірістердің статистикасын жүргізу тәжірибесімен бөлісті, ұлттық жүйені қалыптастыру және статистиканы жариялаудың ерекшеліктері туралы айтты.

Қазақстан делегациясының құрамына ҚР ҚМ МКК Тәуекелдер, талдау және статистика басқармасының бас сарапшылары Бисенғалиева Дария және Күлебекова Гүлмира кірді. Комитеттің қызметкерлері кірістердің статистикасын жүргізу мәселелерін талқылауға белсенді қатысып, «Қазақстандағы кірістер статистикасы» туралы таныстырумен сөз сөйледі.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі