Date of publication: 15.10.2015 19:00
Date of changing: 16.10.2015 10:14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

15.10.2015ж.

Баспасөз релизі

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин салық және кеден заңнамалары мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел форматындағы Инвестициялық Омбудсменнің жұмысына қатысты. Дөңгелек үстел «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Д. Ерғожин өз сөзінде жаңа Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымын құру үшін алғышарттардың фактілерін атап өтті, сондай-ақ Комитеттің жұмысындағы кейбір жетістіктері туралы айтты.

«Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі миссиясы кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету, бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастыру болып табылатын салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдерді өз еркімен төлеу деңгейін көтеруге негізделген. Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберіндегі бірқатар заңнамалық бастамаларының ішінен 8 қадамы кедендік және салықтық әкімшілендіруді жақсартуға бағытталғаны кездейсоқ емес» - екенін Комитет төрағасы атап өтті.

Кедендік және салықтық әкімшілендіру бойынша заңнамалардағы түзетулердің арқасында салықтық тексеруді қысқарту және мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша шаралар қабылданғанын еске саламыз. Нәтижесінде экспорт-импорт операцияларын жасау кезінде кеден органдары талап ететін құжаттар тізбесі барынша қысқартылды, тәуекелдерді басқару жүйесі жаңғыртылды. Соның себебі ретінде «Кедендік рәсімдердің қиыншылығы» деген индикатор бойынша (Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік бойынша есепбіне сәйкес)  осы жылы Қазақстан 55-орынға көтеріліп, өткен жылғы орнын 22-орынға жақсартты. (2014 жылы 77-орын).

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі