Date of publication: 13.10.2015 10:48
Date of changing: 13.10.2015 10:50

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

12.10.2015ж.

Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы  ағымдағы жылғы 13-15 қазан кезеңінде Тараз қаласында «Уақытты басқару және іскерлік қарым-қатынас этикасы» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарын өткізуде.

Осы іс-шараны өткізу Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы  №131 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары қызметшілерінің және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізудің 2015 жылға арналған жоспарымен қарастырылған.

Оқыту процесінде case-study, қазақстандық шынайы жобаларды талқылау, үздік үлгілерді қарау және талдау, тәжірибе алмасу мен өзара кеңес алу, сондай-ақ басқа да оқытудың интерактивті әдістері пайдаланылатын болады.

Негізгі әдістер: шағын-лекциялар, тестілеу, топтық талқылау, шағын топтағы жұмыс, шағын-презентациялар, талқылау және кейстерді талдау.

Біліктілігін арттыру курстарының қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табыс етіледі.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі