
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
12.10.2015ж.
Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы АSЕМ қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері
басшыларының 11-ші кездесуіне қатысты
2015 жылғы 8-9 қазанда Гоада (Үндістан) Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмриннің басшылығымен Комитеттің делегациясы қатысқан «Азия-Еуропа» форумына қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшыларының (АSЕМ) 11-ші кездесуі өтті.
АSЕМ саясат, қауіпсіздік, қаржы-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және көлік саласындағы қатысушы елдердің ынтымақтастығын дамыту мақсатындағы Шығыс Азия мен Еуропаның 55 елін, Еурокомиссия мен ASEAN хатшылығын біріктіретін халықаралық ұйым болып табылады. Дүниежүзілік кеден ұйымы кеден тақырыбына арналған АSЕМ кездесулерінде тұрақты бақылаушы болып табылады. Қазақстан АSЕМ-ге 2014 жылы қосылды.
АSЕМ шеңберінде кеден қызметтері басшыларының кездесуі екі жылда бір рет, арасында кеден қызметтері сарапшыларының жыл сайынғы екі кездесуі өтеді.
11-ші кездесудің қатысушылары аталған форматтағы іс-шараға алғаш қатысып отырған Қазақстан мен Хорватияның кеден әкімшіліктерін жылы қабылдады.
Кездесу барысында Еуропа және азия өңірлерінің кеден қызметтерінің басшылары кедендік рәсімдерді және шекаралардағы басқаруға үйлестірілген сауданы оңайлату, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, уәкілетті экономикалық операторлар институтын дамыту, қалдықтардың тасымалдауын басқару мен өнімдердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша сарапшылар жүргізген зерттеулерді қорытындылады.
Тараптар 2014 жылы жүргізілген «Реплика» бірлескен операцияның қорытындысына қанағаттанғандықтарын білдірді. Теңіз көлігімен контрафактілі және контрабандалық тауарлардың әкелінуінің жолын кесуге бағытталған операция нәтижесінде 40 мемлекеттің кеден қызметтері жалпы құны 25 млн. евро болатын 75 млн. контрафактілі, 55 млн. контарабандалық темекінің заңсыз әкелінуінің жолын кесті. Бұдан басқа, жалпы құны 40,5 млн. евро болатын атауы 1 млн. 238 мың тыңайтқыштың, косметиканың, электр жабдықтарының, автокөлік қосалқы заттарының, медициналық жабдық пен ойыншықтардың заңсыз тасымалдауының 109 ұстауы тіркелді.
Қатысушылар Жапонияның кеден қызметінің Жолаушыларды есепке алудың бірыңғай жүйесін әзірлеу туралы бастамасын қолдап, сенімді сауда желісін дамытуға келісті. Сондай-ақ СЭҚ қатысушыларын жаһанды бірыңғай кодтауды енгізу мүмкіндігімен жаһанды жүйені әрі қарай интеграциялау мақсатында Бірыңғай терезе ұлттық жүйелерін енгізу бойынша өзара іс-қимылды жалғастыру; қағазсыз кеден және сауданы әрі қарай оңайлату мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамыту шешілді. Ресейдің Федеральдық кеден қызметінің тексеріп қарау жабдығының скан-кескіндеуімен халықаралық алмасуды жүзеге асыру туралы ұсынысы Дүниежүзілік кеден ұйымының тарапынан қолдау тапты, оған аталған мәселенің әзірлеуін ағымдағы жылғы 26-29 қазанда Роттердамда өтетен «Технологиялар және инновациялар» деген форумының барысында жалғастыру ұсынылды.
Кездесуді қорытындалай келе, Үндістан және Кореяның кеден қызметтері Уәкілетті экономикалық операторларды өзара тану туралы келісімге қол қойды.
АSЕМ қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшыларының 12-ші кездесуі 2017 жылы Германияда өтеді, сарапшылардың кезекті кездесуі 2016 жылғы сәуірде Брунейде өтеді деп жоспарланды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі