
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
08.10.2015ж.
Баспасөз релизі
2015 жылғы 5 қазанда Сеул қаласында «Орталық Азия – Корей Республикасы» 9-шы форумы өтті, форумның жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Кореядан делегациялар қатысты.
Қазақстан делегациясының құрамына Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусиннің басшылығымен бірқатар министрліктер, сонымен қатар Қазақстанның жетекші білім және сауықтыру мекемелерінің өкілдері кірді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен Кедендік әдістеме департаментінің директоры М.Ж. Бейсенов барды.
Форумның қатысушылары денсаулық және медицина, кедендік әкімшілендіру, мәдени құндылықтар және басқа да салаларда ынтымақтастық мәселелерін талқылады. «Кедендік әкімшілендіру» сессиясы шеңберінде М. Бейсенов Қазақстанның кеден қызметін жаңғырту туралы таныстыруымен сөз сөйледі.
Форум қорытындысы бойынша Сеул декларациясы қабылданды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі