ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
01.10.2015ж.
Баспасөз релизі
Оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылғы 19 қазанынан бастап «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің, Қылмыстық-атқару кодексінің жаңа редакциясын қолданудың теориясы мен практикасы» тақырыбында онлайн семинар өтетін болады.
Дәріскерлер ретінде Қазақ Гуманитарлық-заң университетінің өкілдері, ҚР ӘдМ «Заңнама институты» ММ: з.ғ.к., қылмыстық- процестік құқық пен криминалистика кафедрасының меңгерушісі – Пен Сергей Геннадьевич, Бас прокуратурасы Институтының кадрларды бастапқы даярлау басқармасының басшысы – Тоқтағұлов Руслан, ҚР Қылмыстық кодексінің жобасын әзірлеу Бас прокуратурасының кіші жұмыс тобының сарапшысы, доцент, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы директорының орынбасары – Тукиев Аслан Сұлтанұлы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, сондай-ақ ҚР ІІМ қызметкерлері қатысады.
Аталған іс-шараға қатысу үшін мыналар:
- Қатысушының Т.А.Ә.;
- Байланыс телефонының нөмірі (ұялы телефоны);
- Интернетке шыға алатын жеке электрондық почтаның мекен-жайы (mail.ru/yandex/gmail/hotmail және т.б);
- Дәріс тыңдауға арналған USB және икемді сыртқы микрофоны бар құлаққаптың болуы қажет.
Қатысушыларға, тіркеу күнінен бастап 1 ай ішінде порталға кіру ашық болады.
Ақпарат тәртібінде, оқыту 36 академиялық сағатты, оның ішінде 12 сағат – вебинар, 24 сағат – тыңдаушыларға электронды оқулықты дербес зерделеу болатынын хабарлаймыз.
Аталған он-лайн форматындағы семинарға қатысуға барлық ниет білдіруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының қызметкерлеріне а.ж. 12 қазанынан кешіктірмей өздерінің деректерін r.baimagambetova@customs.kz электрондық мекен-жайына жолдауды сұраймыз.
Телефон бойынша анықтамалар: 8 (7172) 709 885, 70 20 99 (ішкі 2481).
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі