Date of publication: 25.09.2015 16:37
Date of changing: 25.09.2015 16:38

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

25.09.2015ж.

ҚР ҚМ МКК бизнесті сақтау үшін жаңа механизмдерді енгізуді ұсынады

Бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде «Төлеуге қабілетсіздігін шешу және банкрот кезеңінде бизнесті сақтау бойынша жаңа механизмдерді енгізу» тақырыбында брифинг өтті.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде әзірленген.

Аталған Заң жобасы банкроттықтағы борышкердің әрекеттегі бизнесін сақтап қалудың баламалы тәсілдерін енгізуді көздейді:

  • банкроттықтың кез келген сатысында таратылудан оңалтуға көшу мүмкіндігі;
  • борышкер мен кредитор арасында бітімгершілік келісімді жасасу;
  • банкроттың компаниясын сату және меншік иесін ауыстыру.

Банкроттықтың алдын алу мақсатында әрекеттегі өндірісті сақтап қалудың жаңа тәсілі ұсынылған, ол – борышкер мен кредиторлар арасында төлем қабілетсіздігін келісім жасасу арқылы реттеу.

Бұл механизмнің ерекшелігі, борышкерге осындай келісімнің қолданылу кезеңінде барлық берешек түрлері бойынша өсімпұлдарды, айыппұлдарды есептеуді тоқтату сияқты  мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар, оңалту және банкроттық рәсімдерін өткізудің ұзақтығы мәселесін шешу үшін Заң жобасымен:

  • аталған рәсімдер ішіндегі барлық сот дауларды қарау бір судьяға белгілеуді;
  • оңалту және банкроттықта барлық сот актілерін апелляциялық сатыда шағымдануды шектеуді;
  • борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін дереу орындауға жатқызуды қарастырады.

Жоғарыда аталған  шараларды іске асыру әрекеттегі өндірісті, жұмыс орындарын барынша сақтап қалу, сондай-ақ, оңалту және банкроттық рәсімдерін өткізу мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі