Date of publication: 19.09.2015 20:01
Date of changing: 22.09.2015 10:23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

19.09.2015ж.

Баспасөз релизі

2015 жылғы 19 қыркүйекте Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Ақтау теңіз порты арқылы Түркия Республикасынан бет алған Iveco маркілі автокөлігінде тыйым салынған затты алып өту фактісін анықтады. Алдын ала тұжырым бойынша ұсталған жүк салмағы 123 килограмм, құны 2 миллиард теңгеден аса болуы мүмкін героин есірткі заты болып табылады. Аталған факт бойынша тергеу басталды.

Мемлекеттік кірістер комитеті 4 ай бұрын еліміздің барлық шекара маңы аудандарында бақылау-профилактикалық іс-шараларын бастаған болатын. Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық аппаратының қызметкерлері барлық бекеттерде Қазақстанның шекарасын кесіп өтетін жүктерге бақылауды күшейтті. Осы жұмыстың нәтижесі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметіндегі  есірткінің ең ірі партиясын ұстау болды.     

Осындай жағдай соңғы рет 2008 жылы Қостанай облысының Кеден қызметінің қызметкерлері героиннің рекодтық партиясын «Қайрақ» кеден бекетінде ұстағаны белгіленген, ол кезде салмағы жарты тоннадан асатын, құны 30 миллион доллар шамасында болатын героин алынған.   

Қосымша ақпараттар үшін pressa@mgd.kz хабарласуларыңызды сұраймыз.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі