ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
18.09.2015ж.
Баспасөз релизі
Біріккен Араб Әмірліктеріне қызыл кітапқа енген 24 сұңқарды елден әкетуге тырысқан Қазақстан азаматы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкеріне пара беру кезінде ұсталды.
Ұсталған азамат И. ОҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің қызметкеріне қылмыстық жауапкершіліктен босату және ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы 1-бөлігінде (экономикалық контрабанда) көзделген қылмысты жасады деген күдікпен тергеудегі оған және «Шымкент-Әуежай» акционерлік қоғамының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қысқарту және одан әрі Қызыл кітапқа енген 24 сұңқарды кедергісіз алып өту үшін 10 000 АҚШ доллар мөлшерінде пара беруге тырысқан.
Ұстау ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары негізінде жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 367–бабы (пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар көрсетілген құстарды қайдан алғандығын анықтау бойынша да сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі