
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
17.09.2015 ж.
Баспасөз релизі
2015 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин және оның аппараты бөлімшелерінің жекелеген басшылары Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті басшылығының шақыртуымен Минск қаласында өткен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің іс-шарасына қатысуды жалғастырды.
Атап айтқанда жыл сайын 20 қыркүйекте аталып өтетін Беларусь Кеденшілер күні қарсаңында өткізіліп жатқан мерекелік іс-шаралар бағдарламасының шеңберінде беларусь тарапы «Кеден одағынан Еуразиялық экономикалық одағына: заманауилық және перспективалар» тақырыбындағы 6-шы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
ЕЭАО мемлекеттерінің 5 кеден басшыларынан басқа конференцияның жұмысына Еуразиялық экономикалық комиссиясы және Дүниежүзілік кеден ұйымы, әртүрлі елдің ғылым ортасы мен бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Конференцияның негізгі тақырыбы тек қолданыстағы Кеден одағының Кеден кодексін жақында ауыстыруы мүмкін Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің жобасына салынған нормалар ғана емес, сондай-ақ фискальді әкімшілендіру саласында алғаш ұсынылып жатқан жаңғыртулар болды.
Дәулет Ерғожин Конференция қатысушыларының алдында сөз сөйлеу кезінде ҚР ҚМ МКК жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді, кез келген мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің басты компоненттерін - кеден және салық қызметтерін, сондай-ақ экономикалық тергеу қызметін біріктіру туралы анық ақпараттандырды.
Елімізде кедендік және салықтық әкімшілендіруді жақсартуға басты көңіл бөлуге ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың заңнамалық бастамасы «100 нақты қадам» жоспарында іске асырылған. ҚР фискальді органдарының– заңның ұлықтығы қағидатында жұмысты қатамасыз ету, экономика және жеке бастамалардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру, бизнесті өткір және ашық бәсекелестік шарттарында ынталандыру, Қазақстанның бәсекелестікке аса қабілетті 30 елдердің қатарына қосу міндеттерін шешу үшін барлық күшті салу басты міндеттері аталып өтті.
Сондай-ақ, ҚР ҚМ МКК өкілі Элдар Мамлиннің Қазақстанның мемлекеттік кірістер органдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесін реформалау перспективаларына арналған тұсаукесеріндегі сөз сөйлеуі конференцияға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудыртты.
ЕЭАО кеден қызметтерінің басшылары Беларусь кеден қызметінің жас қызметкерлерінің ант қабылдау салтанатына қатысты. Көріктісі -салтанаттың 20 қыркүйекте аталып өтетін Беларусь кеденшілер күні - кәсіби мерекесі қарсаңында өтуі. Ант қабылдағандардың арасында Минск-2 кедені кедендік төлемдер бөлімінің жас маманы, анасы қазақ - Жанна Аркадьевна Мейсак та бар.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі